Павлодарда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін өсіруді жоспарлап отыр. Павлодар әкімдігінің қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Павлодар аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін: электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы – 100 (жүз) теңге, қолма-қол төлем кезінде – 200 (екі жүз) теңге, — делінген қаулы жобасында.
Бұл қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін павлодарлық қоғамдық көлікте жол жүру құны қолма-қол ақшасыз төлем үшін 80 теңге, қолма-қол 130 теңге болған.