Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы скверге...

Алматыдағы скверге Ататүрік атауы берілуі мүмкін

Алматыдағы атауы жоқ скверге Ататүріктің есімі берілуі мүмкін.

«Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен «Almaty Theatre» ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Құжатты көпшілік талқылау 3 қараша күні аяқталады.