Басты бетЖаңалықтарІІМ жүргізушілерге...

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Қыста қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова көлік жүргізушілеріне бірқатар кеңес айтты.
Көлік жүргізушілеріне кеңес:

  • Жылдамдықты асырмаңыз!
  • Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз!
  • Қыста жылдамдықты шамамен сағатына 10-15 шақырымға азайту керек, ал көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік болуы тиіс.
  • Жолға назар аударыңыз: көлік жүргізу кезінде телефонға телмірмеңіз және көлік басқаруға байланысы жоқ нәрселерге алаңдамаңыз.
  • Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз.Кенеттен маневр жасау мен басып озудан аулақ болыңыз. Жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият болыңыз.

Автокөлікті жабдықтауға келетін болсақ, заңнамаға сәйкес қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз.

Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы қажет.

Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек. Ауа райы бұзылса, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеген дұрыс.