Әділет экс-министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді, — делінген Антикор хабарламасында.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.