Басты бетЖаңалықтарАлматыда бірқатар...

Алматыда бірқатар тұрғын үй кешені мен жеке үйлерде газ өшіріледі

Алматыда 22-24 қазан аралығында «АДК» сауда үйі аумағындағы газ құбыры жөнделетіне байланысты газ беру тоқтатылады. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Хабарламада 22-24 қазан аралығында Бостандық және Алмалы аудандарындағы тұрғын үйлер мен объектілерде газ беру уақытша тоқтатылатынын жазылған.

Төле би – Розыбакиев – Сайран – Жандосов көшелерінің ауданындағы 2975 жеке сектор, 203 ұжымдық сектор және 21 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газбен жабдықтаудан ажыратылады

Тұрғындардан газ крандарын жауып, оны «Интергаз Орталық Азия» АҚ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстарды аяқтағанша ашпауларын өтінеміз, — делінген хабарламада.