Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жерасты дүмпулері 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13.34-те ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,2. MPV магнитудасы — 4,9, — делінген хабарламада.