Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады. Еңбек министрлігі тізімге тиісті толықтырулар жобасын әзірледі.
Атап айтқанда, Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпанда және Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 2 қарашаға дейін талқыланады.
Бүгінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ, сол себепті өздерін біртұтас авиация саласының өкілі ретінде сезіне алмайды, — делінген түсініктемеде.
Бұрғылаушы күні геологтардың, мұнайшылардың, бұрғылаушылардың еңбегіне құрмет көрсетуге, жұмысшыларға құрмет көрсетудің жаңа дәстүрін енгізуге мүмкіндік береді.