Басты бетЖаңалықтарКөмірді автокөлікпен...

Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан аумағынан көмірді автомобиль көлігімен әкетуге салынған тыйым мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр. 

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шара жылыту маусымында көмір тапшылығын болдырмау мақсатында қолданылып отыр. Тыйым биыл 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылады, — делінген хабарламада.

Атап айтқанда:

  • тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
  • лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).