Басты бетЖаңалықтарӨзбекстан азаматын...

Өзбекстан азаматын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Алматы полициясы Өзбекстан азаматын ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Адам ұрлау туралы шағым “102” операторына түскен.

Ақтөбе тұрғыны полицияға 23 жастағы ағасын Алматыда ұрлап, BMW көлігімен белгісіз жаққа алып кеткенін айтқан.

Жігітті қорқытып, Шымкентке өз бетімен оралуын талап еткен. Ұрланған адамның Өзбекстан азаматы екені және Шымкенттегі кірпіш зауытында жұмыс істегені белгілі болды. Жұмыстан шыққан кезде жұмыс берушілер оның төлқұжатын және еңбекақысын бермей қойған. Сондықтан жігіт Өзбекстан елшілігіне хабарласу үшін Алматыға қашып кеткен, — делінген хабарламада.

Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 31, 29, 31 жастағы үш жұмыс берушіні ұстаған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.