Шымкентте 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір қаладағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын.
Ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан әкімдікке көптеген өтініш келіп түсті. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды, — делінген хабарламада.