Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысында...

Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылуы мүмкін

Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында жарияланды.

Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын, — делінген шешім-жобасында.

Құжат облыс әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып күшіне енеді.

Еске салайық, жақында Қостанай облысына қарасты 25 ауыл таратылған еді. Оларда халық саны 50 адамнан аз.