Басты бетЖаңалықтарӘлихан Смайылов...

Әлихан Смайылов жұмыс күші тапшы салаларды атады

Үкімет отырысында премьер-мнистр Әлихан Смайылов елдегі жұмыс күші тапшы салалар туралы айтты.

Алдымызда биыл 1 миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуға тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген, — деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, өңірлердің халықты жұмыспен қамту бағытындағы жоспары мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылған.

Әкімдіктер жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, бүгінгі күні энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет. Ғылым және оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осыны ескеруге тиіс, — деді Әлихан Смайылов.