Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 16 қазанда сағат 13.32-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 64 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 8.7. MPV магнитудасы – 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,63° с.е., 77,46° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ, — делінген хабарламада.