Алматыда «Тұйық су» мұздығының солтүстік беткейінде шаңғы теуіп, қар көшкінін тудырған ер адам қаза болды. Бұл туралы құтқару қызметі хабарлады.
Азамат Р. мен азамат К. «Тұйық су» мұздығында шаңғы тепкен. К. есімді ер адам шаңғымен төмен түсіп, қар көшкінінің астында қалып қойған. Оның денесін қар астынан досы алып шықты, – делінген хабарламада.
Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады.