Naturella бренді Қазақстандағы Дүниежүзілік табиғат қорымен бірлесіп, тоғайлы ормандарды қалпына келтіру жобасын бастады. Олар Іле өзенінің атырауындағы жойылған реликті орманның үлкен учаскесіне жас көшеттер отырғызып, көгалдандырды.

60-тан астам табиғат жанашырлары «Тұран» университетінің студенттері, P&G компаниясының қызметкерлері, журналистер мен блогерлер Naturella-мен бірге талдың, тұранғының және жиденің жас көшеттерін отырғызуға ат салысты. Бұл ағаш түрлері кездейсоқ таңдалмаған,.  Олар экожүйенің айрықша түрі орман өрттерінен қатты зардап шеккен тоғайлар. Тоғайлар жаңбыр жауғанда мықты тамырлары арқылы ылғал жинап, оны ыстық күнде біртіндеп беріп, өзендер мен жерді кеуіп кетуден қорғайды және табиғи су реттегіштер болып саналады.

Сонымен қатар бұл жер — сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен құстардың мекені. Тоғай ормандарының көп мөлшерінің жойылуы Іле өзенінің атырауына және бүкіл аймаққа үлкен экология апатын төндіріп тұр, сондықтан оларды мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру керек. Дегенмен Naturella бренді мен еріктілердің арқасында процесс басталып кетті. Бір күнде олар бірнеше гектар аумақты көгалдандырылды. Бірнеше онжылдықтан кейін тиісті күтім жасалса, бұл жер қайтадан толыққанды тоғай орманына айналады.

Орман тоғай Naturella
Фото: Naturella

Орталық Азиядағы Procter&Gamble басшысы Руслан Гамзаев әріптестерімен бірге «дала» жұмысын істеп қайтты. Оған қоса ол бұл жобадан не күтетін айтып берді. 

Бүгін біз еріктілермен бірге жойылып бара жатқан тоғайлы орманның бірінші бөлігін қалпына келтіре бастадық. Енді осы отырғызылған ағаштарға күтім қажет болады. Оған бізге Naturella брендінің сатып алушылары көмектеседі, себебі өнімді сатқаннан түскен қаражаттың бір бөлігі жобаны қолдауға жұмсалады. Бүгін менің қасымда жұмыс істегеннің барлығына, табиғатқа ұқыпты және жауапкершілікпен қарайтындарға үлкен алғысымды білдіргім келеді, — Руслан Гамзаев. 

Орман тоғай Naturella
Руслан Гамзаев. Фото: Naturella

Бұл маңызды экологиялық жоба Procter&Gamble компаниясының табиғатты қорғау бастамаларының арқасында өтті. Олар Қазақстандағы Дүниежүзілік табиғат қорымен серіктестік орнатты. Procter&Gamble командасы экология мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған «Амбициялар 2030» («Менмендік 2030») экологиялық жауапкершілік стратегиясын іске асыра отырып, Қазақстанның қоршаған ортасын қалпына келтіруге тәжірибелі «орман қорғаушысы»Naturella әйелдер гигиенасы брендіне үлес қосуды тапсырды.

Орман тоғай Naturella
Фото: Naturella

Бұған дейін бренд Шығыс Еуропаның бүлінбеген ормандарын қорғауға, қорғалатын тайга қылқан жапырақты ормандарын қалпына келтіруге және іс жүзінде жоғалған колхида шамшат ағашын сақтаудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қолдауға қаражат жинаған. Биыл Қазақстандағы Дүниежүзілік табиғат қорымен серіктестік Іле өзенінің атырауындағы жайылмалы ормандардың экожүйесін қалпына келтіруді және сақтауды қолға алды. 

Тоғайлы ормандарды, жануарлардың тіршілігін және тұтастай алғанда осы аймақтың бүкіл экожүйесінің әл-ауқатын қорғау — болашаққа басты инвестицияның  бірі. Бүгінгі таңда ғаламшарымыз климаттың өзгеруі мен биоалуандығының жоғалуына байланысты сын-қатерлерге тап болғанда біздің көшет отырғызғанымыз ерекше маңызға ие әрекет. «Тұран»университеті студенттерінің, P&G қызметкерлерінің, жергілікті тұрғындардың ортақ жұмысының және Naturella жобасының арқасында өртенген тоғайлардың бір бөлігі қалпына келтірілді. Әрине, бізбен бірге болған және көшет егуге қатысқан журналистерге де алғысымыз зор. Осы баға жетпес жобаға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға рахмет айтамыз, — деп қорытындылады Қазақстандағы Дүниежүзілік табиғат қорының ормандарды қалпына келтіру жобаларының жетекшісі Айбек Байбұлов.

Орман тоғай Naturella
Фото: Naturella

Қайырымдылық акциясы мұнымен аяқталмайды: 2024 жылғы көктемде көшет отырғызуды жалғастыру және бір жылда Іле өзенінің атырауындағы 4 гектарға дейінгі тоғайлы ормандарды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Кез келген адам ормандарды қалпына келтіру науқанына қосыла алады: Naturella өнімдерін сатқаннан түскен қаражаттың бір бөлігі өртке қарсы іс-шараларды өткізуге, көшеттерді одан әрі отырғызуға және көшеттерге күтім көрсетуге бағытталады.

Орман тоғай Naturella
Фото: Naturella