Мемлекет басшысының жарлығымен адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жарлық бойынша комиссия құрамынан 11 адам шығарылды.
Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын, – делінген жарлықта.
Тиісінше, бос орындарды келесі тұлғалар иеленді:
- Аида Балаева – мәдениет және ақпарат министрі;
- Ажар Ғиният – денсаулық сақтау министрі;
- Әлия Ехласова – ҚР президентінің әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;
- Светлана Жақыпова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Асхат Жұмағали – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
- Динара Зәкиева – бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
- Снежанна Имашева – ҚР парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
- Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары — сыртқы істер министрі;
- Ержан Сәденов – ішкі істер министрі және өзгелері.
Құжат қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.