Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жеке...

Елімізде жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құны төмендейді

Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу қызметінің құнын төмендетеді. 

Бұл туралы құжат “Ашық НҚА” сайтында жарияланды.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін, жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантында былай берілген:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

  • бір жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 4 983 теңгеден 3372,45 теңгеге;
  • үш жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 2 752 теңгеден 1770,88 теңгеге арзандату.

Облыс орталықтары үшін:

  • үш жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 4 983 теңгеден 3372,45 теңгеге;
  • бес жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 2 752 теңгеден 1770,88 теңгеге арзандату.

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

  • жеті жұмыс күніне дейін дайын болатын куәлік үшін – 1 116 теңгеден 677,95 теңгеге арзандату.

Жоба 2023 жылғы 30 қазанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.