Ұлттық экономикалық министрлігінің басшылығы дүниежүзілік банктің бас экономисі даму экономикасы жөніндегі аға вице-президенті Индермит Гиллмен кездесті. Бұл туалы ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, фискалдық саясатқа, салық салуға, әлеуметтік салаға және тарифтерге қатысты тақырыптарды көтерді.
Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыровтың сөзінше, Қазақстанда жеке сектордың даму әлеуеті өте жоғары және фискалдық мәселелерді шешу үшін бюджет-салық және ақша-кредит саясатының тығыз өзара іс-қимылы қажет.
Оған қоса жобаларды теңгемен қаржыландыру мәселелерін талқыланды.
Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде «жасыл» экономика және гендерлік теңдік сияқты бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге дайын, — деді министр.
Сонымен қатар инвестициялық климатты жақсарту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «жасыл» энергетика және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту.