Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өткен жекпе-жекте неміс боксшысы Винченцо Гуальтиерині нокаутпен жеңді. Бұл туралы Prosport.kz хабарлады.

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шықты. 12 раундтан тұратын жекпе-жекті қазақстандық спортшы алтыншы раундта нокаутпен аяқтады.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы екі белбеуді жеңіп алды.