Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры салынады. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуде хабарлады.
Өңірді одан әрі газдандыру мақсатында үш ауданды, Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын газдандырумен қамтитын «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын салыну жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды бастау жоспарлане жатыр. Әкімдік ЖСҚ әзірлеуді жүргізіп жатыр. ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін министрлік өтінімді қарауға дайын, — деді министр.
Оның сөзінше, қазір өңірде қуаттылығы 159,9 МВт болатын 11 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.
Сонымен қатар 2027 жылға дейін белгіленген қуаты 76 МВт болатын 2 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.