Басты бетЖаңалықтарПрезидент Таяу...

Президент Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің айтуынша, Қазақстан халықаралық өзекті проблемаларды шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы.
Оған қоса ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастарда әділдік қағидатын орнатуды, халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшесінің заңды және егемендік құқығын ескере отырып, оны демократияландыруды жақтайтынын жеткізді.