Ресейлік рэпер Тимати футбол клубын ашпақ

Ресейлік рэп әнші Тимати басқаратын Black Star компаниясы Мәскеуде футбол клубы мен футбол агенттігін ашуды жоспарлап отыр.

©life.ru

Компания алғашқы жылдары старттық жобаға 10 млн рубль салмақ.

«Бізбен бірге футбол бағында бір адам жұмыс істейді, онда Ресей футбол одағының лицензиясы бар. Алдағы 4-5 жылға қойған мақсатымыз – футбол клубын ашу. Ол Black Star, «Москва» немесе «Строгино» деп атала ма, біз ол жағын әлі шешпедік», — дейді Black Star компаниясының құрылтайшысы Павел Курьянов.

Ресей футбол одағының басшысы Сергей Анохин өз кезегінде бұндай бастамаларға тек риза болатынын айтты. Оның айтуынша, жаңа футбол клубында мәскеулік спорт мектептерінің түлектері ойнайтын болады.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version