Ресейлік рэпер Тимати футбол клубын ашпақ

Компания алғашқы жылдары старттық жобаға 10 млн рубль салмақ.

«Бізбен бірге футбол бағында бір адам жұмыс істейді, онда Ресей футбол одағының лицензиясы бар. Алдағы 4-5 жылға қойған мақсатымыз – футбол клубын ашу. Ол Black Star, «Москва» немесе «Строгино» деп атала ма, біз ол жағын әлі шешпедік», — дейді Black Star компаниясының құрылтайшысы Павел Курьянов.

Ресей футбол одағының басшысы Сергей Анохин өз кезегінде бұндай бастамаларға тек риза болатынын айтты. Оның айтуынша, жаңа футбол клубында мәскеулік спорт мектептерінің түлектері ойнайтын болады.

ДереккөзSport.rbc.ru