13 қазанда Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бағамы белгіленді.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сату орташа бағамы 08:30-дағы деректер бойынша 479,30 теңге, сатып алу — 476,63 теңге. Еуроны сату бағамы 507,01 теңге, сатып алу — 502,93 теңге шегінде. Ресей рублін 4,81-4,97 теңгеден сатып алуға болады.
Астананың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың орташа бағамы 479,98 теңге, сатып алу — 474,90 теңге. Еуроны 510,00 теңгеден сатылады, 503,87 теңгеден сатып алуға болады. Рубль 4,95 теңгеден сатылады, 4,79 теңгеге сатып ала аласыз.
13 қазандағы ресми валюта бағамдары:
USD — 475,78 теңге;
RUB — 4,91 теңге;
EUR — 505,18 теңге;
CNY — 65,19.