Басты бетЖаңалықтарМемлекетке қайтарылған...

Мемлекетке қайтарылған 2,8 миллион гектар жер пайдалануға берілді

Былтырдан бері мемлекетке 8,5 миллион гектардан астам жер қайтарылған, оның 2,8 миллион гектары пайдалануға берілді. 

Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдарды қайтару үшін белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатыр.

2022 жылдың басынан бері 8,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 миллион гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр, — деді Тамара Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында.

Вице-премьер заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін депутаттардың бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатқанын айтып өтті.

Бұл өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.