Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапарда президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.