Биыл БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 17,7%-ке өсіп, 17,2 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
Берік Шолпанқұлов өз баяндамасында зейнетақы активтерінің оң динамикасы туралы айтты.
Биыл олар 17,7%-ке өсіп, 17,2 триллион теңге болды. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс көлемі 1,4 триллион теңге болды. Зейнетақы жарналары — 1,5 триллион теңге, ал мерзімінен бұрын алу — 196,1 миллиард теңге, — деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.