Ауғанстандағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Дипломаттарымыз зардап шеккен жоқ. Елшілік астанасында (Ауғанстан астанасы Кабул қаласы) орналасқан. Астанасында айтарлықтай тербеліс бола қоймады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар арасындағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат та келіп түспеді. Ешқандай өтініш болмады. Егер қандай да бір өтініш болса, жедел хабарлаймыз, — деді Айбек Смадияров министрліктегі брифиң барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның батысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған қатты жер сілкінісі туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын айтып өтті.
Осы қиын сәтте қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, сонымен қатар бүкіл ауған халқына шын жүректен көңіл айтамыз. Жарақат алған Ауғанстанның барлық азаматтарына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Осыған байланысты қазақстандық тарап ауған халқына тиісті жедел көмек беруге дайын екенін мәлімдейміз, — деді ресми өкіл.
Айта кетейік, Ауғанстандағы алапат жер сілкінісінен 2 053 адам қаза болды.