СІМ Израиль мен Палестинаны бейбіт келісімге шақырды

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі жағдайға қатысты ведомствоның ұстанымын мәлімдеді.

Қазақстан көптеген бейбіт тұрғынның қазасына әкелген палестиналық-израильдік қақтығыстың өршуіне үлкен алаңдаушылық білдіреді, — деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан тараптарды «жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдарды іздеуге және екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға» шақырды.

Айбек Смадияровтың сөзінше, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.

СІМ өкілі елшіліктің сенім телефоны іске қосылып, республика азаматтарын отанына қайтару үшін олардыңтізімі тізімі жасалып жатқанын айтты.