Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 120 адам қаза болып, мыңнан аса адам жарақат алды.
Бұл туралы DW сайты хабарлады.
Құтқарушылар үйінділердің көбі әлі тазаланбағандықтан, апат құрбандарының саны айтарлықтай артуы мүмкін екенін ескертті.
АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7 қазанда таңертең аймақта магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Бірінші жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,3-тен 6,3-ке дейін болатын тағы бірнеше жер сілкінісі болған.