Басты бетЖаңалықтарAir Astana Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты

Air Astana Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты

Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалады.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Тель-Авивке кейінгі барлық рейстер қосымша ескертуге дейін тоқтатылды.

Air Astana сонымен қатар Тель-Авив рейстеріне билеттерді сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді алдын ала алған бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушыларға әуе компаниясы билеттерді сатып алған жерден толық қайтаруды ұсынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да