Басты бетЖаңалықтарЯндекс видеосын...

Яндекс видеосын қазақшаға аударатын функциясын іске қосты

Қазақстандық интернет-қолданушылар орыс және ағылшын тіліндегі видеоны қазақ тілінде көре алады. Яндекс қолданбасында, Android және iOS-тағы Алисада нейрон желісі арқылы автомат түрде істейтін аударма функциясы қосылды.

Енді орыс немесе ағылшын тіліндегі дәрістерді, деректі бейнелерді, рецепттерді және нұсқауларды — бәрін қазақ тілінде көруге болады.

Youtube-та, VK-да, Vimeo-да, Twitch-те және Coursera-да бар роликтер де қазақшаға аударылады. Ол үшін браузерді немесе Яндекс қосымшасының соңғы нұсқасын орнату немесе жаңарту керек. Ондағы қажет бейнені ашып, «Бейнені аудару» түймесін басыңыз. Бірнеше секундтан кейін екі дауысты дауыстық аударма басталады.

Нейрон желісі видеодағы адамның даусын тани алады және оны мәтін етіп береді. Оған қоса бейнедегі дауыстың қай жыныс өкіліне тиесілі екеніне де мән береді.

“Біз ақпараттық жарылыс” дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қазір ақпарат саны жыл сайын 40-50%-ке өсіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақ тіліндегі ақпарат аз. Қазақ тіліне аударатын автомат аударма қазақ тілін цифрлық ортаға бейімдеу және оны дәріптеу деп білеміз, — деді Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Бигари.