Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды құттықтады

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан презиентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.

Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сонымен қатар трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.