«Алтын мен күміс»: қазақстандық екі велошабандоз мәрені бірге кесті

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар спорт делегациясына бірден екі медаль әкелді.

Бұл Қазақстанның намысын Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко қорғаған ерлер топтық жекелей велоспорт жарысында болды.

Нәтижесінде Федоров мәреге бірінші, Луценко екінші келді. Осылайша, қазақстандықтар тиісінше алтын мен күміске қол жеткізді.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 53 медаль бар — алты алтын, 12 күміс және 35 қола.