18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 миллиард теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екені анықталды. 

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 миллиард теңге төленді.