Қазақстандық фермерлер 12,6 миллион гектар астық немесе 72,7%-ін жинады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында айтылды.
АШМ ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Мұрат Іргебаевтың ақпаратынша, осы кезеңде 11,7 миллион тонна астық бастырылды, орташа өнімділік көрсеткіші 9,3 ц/га болды. Майлы дақылдар – 352,7 мың тонна, картоп – 2,1 миллион тонна, көкөніс – 3,2 миллион тонна, ал бақша өнімдері – 2,8 миллион тонна.
Бірінші кезектегі міндет – келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына тұқым дайындау және себу. Жоспар бойынша 1,9 миллион тонна астық тұқымы 935,5 мың гектарға себілді, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар өңірлік қаржы институттарымен фермерлер үшін айыппұл санкциясынсыз несиелерді ұзарту мәселесі пысықталып жатыр.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақовтың ақпараты бойынша 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 2,3 миллиард теңге сомаға қарызды ұзартуға өтінім берген. Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен басқа қарыз алушылар тарапынан шарттар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және міндеттемелерді қайта құрылымдау рәсімдері бойынша өтініштер келіп түсіп жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар азық-түлік корпорациясының желісі бойынша форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту үшін фермерлерді іріктеу критерийлері мен шарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мерзімді ұзарту шарттары жақын арада жарияланады.