SpaceX компаниясы 30 наурыз күні Falcon 9 тасығыш зымыраны арқылы SES-10 телекоммуникациялық спутнигін ұшырмақ. Зымыранның бірінші бөлігі былтырғы жылдың сәуір айында Dragon ғарыш кемесімен бірге ұшырылып, жерге аман-сау қондырылған еді. Енді екінші рет қолданылғалы отыр. Бұл шығынды барынша азайтады.
Бұл туралы SpaceX компаниясының Твиттердегі парақшасында хабарланды.
Онда «Отты тәжірибелер аяқталды. Falcon 9 бортындағы SES-10 спутнигін ұшыру бейсенбі күнге, 30 наурызға жоспарланды»,-деп жазылған.
Static fire test complete. Targeting Thursday, March 30 for Falcon 9 launch of SES-10. pic.twitter.com/0tZ7u6gngI
— SpaceX (@SpaceX) March 27, 2017
Айта кетейік, компания басшысы Илон Маск осыған дейін сегіз рет зымыранның бірінші бөлігін жерге аман-есен қондырған. Алайда, оларды қайтадан ғарышқа ұшырып көрмеген еді. Енді бұл да мүмкін болмақ.