Оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты сегіз апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталады, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Айта кетейік, жыл сайын бірінші класс оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс беріледі, ұзақтығы жеті күн – 2024 жылғы 5 ақпаннан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы сегіз оқу аптасы болады. Сонымен қатар 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.