Басты бетЖаңалықтарАлматы аудандарының бірінде уақытша суық су болмайды

Алматы аудандарының бірінде уақытша суық су болмайды

Алматыдағы Бостандық ауданында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша ажыратылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

5 қазанда сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Бостандық ауданында Малахов — Розыбакиев — әл-Фараби — Ә.Кекілбайұлы көшелері бойында су беру уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

Желілер және сумен жабдықтау нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты суық су беру ажыратылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 727 274 66 66, — делінген хабарламада.