Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады, — делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.