Елімізде электросамокаттар мен мопед жүргізушілері көбейді. Бұл туралы ішкі істер бірінші вице-министр Марат Қожаев мәлімдеді.
Кейінгі жылдары электросамокаттар мен мопедтер көбейді. Олардың саны енді артпаса, төмендемейді. Тек кейінгі екі күнде мопедистердің кінәсінен үш адам қаза болды. Биыл 30 тамызда мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды. Онда электро самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сонымен қатар олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды, — деді Марат Қожаев үкімет отырысында.
Бірінші вице-министрдің мәліметінше, қыркүйек айында ғана самокат жүргізушілері тарапынан 1,7 мыңнан астам бұзушылық анықталды.
Оның ішінде 562 факті бойынша кәмелетке толмағандар болып шықты. Бұл мәселені полиция арқылы шешу мүмкін емес. Әкімдіктер тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қажет, бөлінген жолақтарды жайластыру, жеке веложолдар салу, электросамокаттардың қозғалысына тыйым салынған аймақтарға бөлу керек, — дейді ол.