Басты бетЖаңалықтарЕлордада әлеуметтік...

Елордада әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр

Елордада үйлерге және әлеуметтік нысандарға жылу қандай жағдайда берілетіні белгілі болды. Бұл туралы қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Астанада жылыту маусымына дайындық және жылу беру қағидаларына сәйкес ауа райының орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан төмен болған жағдайда бес тәуліктің ішінде қалалық жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылдайды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада әлеуметтік нысандарға жылудың беріле бастағаны айтылған.

Әлеуметтік нысандардан (балабақша, мектеп, аурухана, оңалту орталықтары) келіп түскен өтінімдер бойынша жылу беруді кезең-кезеңімен іске қосу туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Осыған қарай қазір қала бойынша 116 әлеуметтік нысанға (балабақша, мектеп, аурухана) жылу берілді.