Оралда «Менің отаным — Қазақстан»туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті.
Дәстүрлі болған үш күнгі слет Қазақстанның жас туристері арасындағы азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына тартуға бағытталған.
Слетке 20 командадан 180 адам қатысты, олар облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдердің жеңімпаздары.
Слет өлкетану, туристік, шығармашылық блоктан тұрды. Өлкетану блогі бойынша қатысушылар іздеу-зерттеу жұмыс жобаларын екі бағытта таныстырды «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» мен «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс». Туристік блогында туристік кедергілер жолағын өтіп, жартасқа шықты.Шығармашылық блогында туристік әндер орындады,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар слеттің республикалық финалының қорытындысы бойынша бес номинация бойынша 27 жеңімпаз анықталды. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент және Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарының оқушылары.
«Атамекен» өнер ордасында жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде қатысушыларды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, “Халық қаһарманы” иегері, генерал-майор Қайрат Үмбетов, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры М. Траиспаева құттықтады.
Оған қоса слет жеңімпаздары оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы В. Михноның атынан арнайы сыйлық Солтүстік Қазақстан облысының командасына табысталды.