Олардың айырмашылығы дисплейлерінің көлемінде. Galaxy S8 және Galaxy S8+ экранының диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм.
Смартфондар екі түрлі Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорлы болмақ.
Камерасы 12 және 8 мегапиксельден тұрады. Жадының көлемі — 64 Гбайт, оперативті жады 8 Гбайт.
Сондай-ақ, олар microSD-картпен жабдықталмақ. Екеуінің де экранының жиектері иілген болып келеді. Онда батырма тетіктер де болмайды, смартфон тек виртуалды клавиштер арқылы жұмыс істейді.
Ұялы телефондар нарыққа осы жылдың сәуір айының ортасында шығады.