Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды

Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде ұшақ апатынан екі адам қаза болды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

2023 жылғы 30 қыркүйекте сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады. Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты,- делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады.