Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын іс-шаралар мен жемқорлық қатерін сыртқы талдау нәтижесі бойынша, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленді. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деген күдікке ілінп отыр.
Шенеуніктің әрекетінен мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді. Сот санкциясы арқылы күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.