Ұлттық банк тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы екенін ескертті.
Мұндай банкноталар мен монеталарды екінші деңгейлі барлық банкте, Ұлттық банктің филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады.
Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері Ұлттық банк филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен екінші деңгейлі банктер өзінің ішкі нормативтік құжаттары бойынша, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз, — делінген Ұлттық банктің ресми сайтында.
Ұлттық банк филиалдарының мекенжайы мен байланыс деректерін ресми сайтта «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.