Қазақстандық спортшы Аян Бейсенбаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол триатлонда үшінші болып келді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының Telegram-каналы хабарлады.
Спортшы 1 500 метр суда жүзіп, 40 шақырым велосипед теуіп, 10 шақырым жүгірді. Мұның бәрін 1:52:25 уақытта еңсерді.
Триатлоннан бірінші болып жапон спортшысы Кенжи Ненер келді (1:50:54). Азия ойындарының күміс жүлдесі де Жапонияға бұйырды. Макото Одакурой екінші келді (1:51:49).
Қазақстандық тағы бір триатлоншы Темірлан Теміров алтыншы болып келді.
Осылай, Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 22-ші жүлде түсті.