Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар Азия...

Қазақстандықтар Азия ойындарында үшінші алтынды жеңіп алды

Қытайдың Хуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан атынан сайысқан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.

Олар «скит» жаттығуының аралас командалар арасындағы жарыстың финалында жеңіске жетті.

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко 40 ұпай жинады. Финалда бірінші орынға таласқан Кувейт спортшылары 35 ұпай алған.

Біздің атқыштар тағы да тамаша нәтиже көрсетті! Мен спортшыларды, жанкүйерлерді және әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жетістігімен құттықтаймын. Қазір біздің атқыштарымызды бүкіл ел мақтан тұтады. Бұл жеңістер мыңдаған қазақ балаларын жігерлендіретініне сенімдімін. Осы тамаша спорт түрімен айналысу керек, — деді Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұған дейін 18 жастағы қазақстандық спортшы Зухара Ирназарованың Азия ойындарында 10 метр қашықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында алтын алғанын хабарлағанбыз.