Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475–480 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-480 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 476-478 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81–5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,78-4,93 теңгеден сатылып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 482,77 теңге, еуро – 509,71 теңге, рубль – 5 теңге.